$ 518.37  609.97  6.6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жасанды интеллект: Google, Nvidia, Coursera, 01 Edu System-мен ынтымақтастық орнатылды

Қазақстанда AI 17 жоғары оқу орнында 15 білім беру бағдарламасы бойынша оқытылып жатыр

Жасанды интеллект: Google, Nvidia, Coursera, 01 Edu System-мен ынтымақтастық орнатылды
Фото: istockphoto.com

Қазақстандық студенттерге әлемнің жетекші университеттері мен профессорларының 20 мыңнан астам онлайн курсы мен AI бойынша 4 200 курсы қолжетімді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі қазіргі таңда жасанды интеллект саласын меңгеруге 2 мыңнан астам студент ынта білдіргенін мәлімдеді. Олар 17 жоғары оқу орнында 15 білім беру бағдарламасы бойынша оқып жатыр.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің кем дегенде 3 жоғары оқу орнының базасында жасанды интеллект саласында білікті кадрларды даярлау және зерттеулер жүргізуді тапсырды. Осы тапсырмаға сәйкес, цифрлық университеттердің моделі әзірленді. Ол 2 ЖОО – Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ және Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да базасында пилоттық режимде іске қосылды», - деп хабарлады министрлік.

Цифрлық экономикаға бейімделген кадрлардың әлеуетін дамыту үшін Google, Nvidia, Coursera, 01 Edu System және Huawei сияқты трансұлттық компаниялармен ынтымақтастық орнатылған.

«2024 жылы 15 отандық жоғары оқу орны жасанды интеллект бойынша Google курстарын енгізуде, 12 000 студент Generative AI жобасына қатысады. Екі жоғары оқу орны (Абай атындағы ҚазҰПУ және Қ.Жұбанов атындағы АӨУ) Google for Education пилоттық жобасына қатысады.

NVIDIA-мен ынтымақтастыққа келетін болсақ, DLI жобасына 12 университет қатысады. 12 сертификатталған елші NVIDIA сертификаттарын алды, 1 оқытушы NVIDIA-дан DLI сертификатына ие болды. Coursera, «Huawei Technologies Kazakhstan» LLP, Binance Kazakhstan сияқты ірі компаниялармен келіссөздер жүргізіліп, меморандумдарға қол қойылды. 35 ЖОО базасында Huawei ICT Academy құрылды, онда Huawei сертификатталған курстары ұсынылады. Binance Kazakhstan қолдауымен 22 ЖОО АКТ факультеттерінің 350-ге жуық оқытушысы блокчейн-технологиялар бойынша оқудан өтті», - делінген министрлік ақпаратында.

Бүгінгі таңда Coursera-ның 102-ге жуық курсы қазақ және орыс тілдеріне аударылды. 2024 жылы 93 жоғары оқу орнының студенттеріне 40 мың лицензия бөлінді.

Сонымен қатар:

  • IТ бағыты бойынша студенттерді OpenSearch жобасына тарту және салалық деңгейдегі тәжірибе жинақтау мақсатында ҒЖБМ мен Amazon компаниясы арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.
  • 01 EduSystem компаниясымен инновациялық бағдарламалау мектептерін ашу аясында өзара ынтымақтастық бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл жоба еліміздің 20 өңірлік жоғары оқу орнында іске асырылады, ал пилоттық жоба Yessenov University жүргізіледі. Оқытудың жаңа түрі – онлайн оқыту енгізілді.
  • Жасанды интеллект саласында мамандар даярлау үшін «Болашақ» бағдарламасы арқылы жыл сайын 100 стипендия бөлу жоспарланып отыр.
Серіктес жаңалықтары