04.05.2020, 21:43
Жаңалықтар
Мақтааралда эвакуацияланған 17 мың тұрғын үйлеріне оралады
Бұл екі ауылдың тұрғындары
Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы эвакуацияланған Мырзакент кенті мен Ақжол ауылының тұрғындары өз үйлеріне оралатын болды, деп хабарлайды Отырар телеарнасы.
«Облыстық төтенше жағдайлар штабы аталған елдімекендерде тасқын судан келетін қауіптің жоқтығын анықтаған. Ал, қалған елдімекеннің тұрғындары қауіп толық сейілгенше уақытша эвакуациялық бекеттерде болады», - делінген ақпаратта.
Оқи отырыңыз: Мақтааралдағы су тасқынына байланысты Үкіметтік комиссия құрылды
Айта кетейік, ауданда су тасқыны болып, Жеңіс, Өргебас, Достық, Жаңатұрмыс, Фирдоуси ауылдарынан жалпы 31 мың азамат қауіпсіз аймаққа шығарылған болатын. Соның 17 мыңнан астамы Мырзакент кенті мен Ақжол ауылының тұрғындары.
Көп оқылған
14.08.2026, 08:41
Оралда сегіз жасар қыз септикке құлап, көз жұмды
14.08.2026, 10:46
«Бордюр мен автобус арасынан өтпек болған»: елордада самокат мінген жасөспірім автобустың астына түсті
14.08.2026, 15:20
Бір ай комада жатты: Астанада аттан жығылған қыз ауруханада көз жұмды
14.08.2026, 15:50
Аптап ыстықтың беті қайта ма: алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды