20.07.2024, 14:46
Жаңалықтар
Қосшыда төрт жасар бала терезеден құлап кетті
ТЖМ қазақстандықтарға мынандай ескерту жасады
Фото: istockphoto.com
Ақмола облысында төрт жасар бала терезеден құлап кетті. Оқиға бүгін Қосшы қаласында көппәтерлі тұрғын үйдің аумағында болды. Бұл туралы Azattyq Rýhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомство мәліметінше түрлі жарақаттарына байланысты ұл бала ауруханаға жатқызылды.
Осыған байланысты ТЖМ қазақстандықтарға мынандай ескерту жасады:
- Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
- Ешқашан москит торларына сенбеңіз. Олар балаларды қорғауға арналмаған;
- Балаларға ересектердің қарауынсыз балконға шығуына рұқсат бермеңіз.
Көп оқылған
15.11.2026, 11:03
«Жеңіл ақша» үшін SIM-карта рәсімдеу: ІІМ азаматтарға ескерту жасады
15.11.2026, 15:43
Қостанай облысында екі көлік соқтығысып, төрт адам зардап шекті
15.11.2026, 18:36
Астанада балағат сөздер айтқан такси жүргізушісі бес тәулікке қамауға алынды (ВИДЕО)
