$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Мусин қызметтен кетуіне қатысты пікір білдірді

Ол жазбасын Мемлекет басшысына алғыс айтудан бастады

Мусин қызметтен кетуіне қатысты пікір білдірді
Фото: ortcom.kz

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бұрынғы басшысы Бағдат Мусин өзінің қызметінен кетуіне байланысты пікір білдіріп, Instagram-дағы парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол жазбасын Мемлекет басшысына алғыс айтудан бастады.

«Менің отставкаға кеткенім туралы соңғы жаңалықты естіген шығарсыздар. Бірінші кезекте еліміздегі маңызды саланың бірі - цифрландыру саласын басқаруды сеніп тапсырған және мүмкіндік берген Мемлекет басшысына алғыс айтқым келеді. 3 жыл ішінде көп нәрсе жасалды және әлі де жасала бермек», - деп жазды экс-министр.

Мусиннің жазуынша, бүгінде Қазақстанды әлемдегі ең дамыған цифрлы елдердің бірі деп айтуға негіз көп.

«Бұл алдымен кәсіби мамандар жиналған үлкен команданың еңбегі, біз олармен бірге өсіп, қатар келген қиындықтарды да, үлкен жеңістерді де бірге бөлістік. Цифрлы сервистерді енгізу үдерістеріне және Цифрлы даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің дамуына қолдау көрсеткен, сенім білдірген және қатысқан әрқайсыңызға ризамын. Мен қарапайым қазақстандықтардың өмірін жеңілдеткен және ыңғайлы еткен жетістіктерімізді мақтан тұтамын, бұл әрине - цифрлы мемлекеттік қызметтер», - деді Мусин.

Мусин сонымен қатар қазақстандық прогрессивті цифрлы өнімдеріміз халықаралық деңгейде атап өтілгенін және елімізді әлемдік цифрлы көшбасшылар қатарынан көрінуге мүмкіндік бергеніне де тоқталды.

Бұған дейін Мемлекет басшысының жарлығымен Бағдат Мусиннің Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі  лауазымынан босатылғанын хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары