Қазақстан әуежайларында авиациялық қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

Azattyq Rýhy

Осыған байланысты жолаушылар тексеру және тіркеу рәсімінен өту үшін әуежайларға алдын ала келуі керек

Қазақстан әуежайларында авиациялық қауіпсіздік шаралары күшейтіледі
Фото: istockphoto.com

Қазақстан әуежайларында авиациялық қауіпсіздік шаралары күшейтіледі. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

1 мамырдан бастап еліміздің бүкіл әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда, паркингтерде және жолаушылар терминалдарында қосымша шаралар енгізіліп жатыр. 

Жолаушылар терминалына кіреберістегі бірінші тексеру желісі тыйым салынған заттардың тасымалдануына жол бермеу үшін енгізіледі.

Авиациялық қауіпсіздік шаралары профилактиканы жүзеге асыру және азаматтық авиацияның әуе көлігі инфрақұрылымының авиациялық қауіпсіздік жағдайын бағалауға байланысты күшейтіліп отыр.

Алдын алу шаралары заңсыз араласу актілерін болдырмау үшін әуежайлардың пайдалану қызметтерінің мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын және қауіпсіздік деңгейін анықтау мақсатында жыл сайын жоспарлы түрде жүргізіледі.

Осыған байланысты жолаушылар тексеру және тіркеу рәсімінен өту үшін әуежайларға алдын ала келуі керек.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.