Атыраудағы «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС-не 162 млн теңге айыппұл салынды

Azattyq Rýhy

Одан бөлек 955 млн теңгеден астам көлемде монополиялық табыс тәркіленді

Атыраудағы «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС-не 162 млн теңге айыппұл салынды
Фото: istockphoto.com

Атыраудағы «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС-нің бәсекелестікті қорғау туралы Заңнаманы бұзғаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің серіктестік қызметіне қатысты жүргізген тергеуі нәтижесінде монополиялық жоғары бағаларды белгілеу арқылы сұйытылған мұнай газы нарығындағы үстем жағдайды теріс пайдаланудан тұратын бәсекелестікті қорғау туралы Заңнаманы бұзу дерегі анықталды.

Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты 2024 жылғы 5 наурыздағы шешімімен Серіктестікті әкімшілік жауапкершілікке тартты. 955 млн теңгеден астам көлемде монополиялық табыс тәркіленді және 162 млн теңге сомасында әкімшілік айыппұл салынды.

Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының апелляциялық сатысы Серіктестіктің шағымын қабылдамай, бірінші сатыдағы шешімді растады.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.