Иран-Израиль қақтығысы: Таяу Шығыста жүрген қазақстандық бітімгерлердің жағдайы қандай?
Өткен түнде Иран Израильге жауап ретінде жүздеген зымыранмен шабуыл жасаған болатын
Қорғаныс министрлігі қазақстандық бітімгерлердің Голан биіктерінде штаттық режимде миссиясын орындап жатқанын мәлім етті, деп хабарлады Azattyq Ruhy.
Ведомство жеке құрамның өміріне қауіп төніп тұрмағанын ерекше атап өтті.
«БҰҰ бітімгершілік миссиясын Голан биіктерінде орындайтын қазақстандық контингент штаттық режимде жұмысын жалғастыруда. Жеке құрамның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ», – деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Айта кетейік, өткен түнде Иран Израильге жауап ретінде жүздеген зымыранмен шабуыл жасағаны хабарланған болатын.
Ал отандық әуе компаниялары Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты бағдарын өзгертетін болды.
ҚР СІМ екі ел арасындағы жағдайға алаңдаушылық білдірді.