«Қауіп әлі де бар»: полиция Петропавлдағы жағдай туралы айтты

Azattyq Rýhy

Есіл өзені арнасынан шыққан сайын су басатын Заречный кентіндегі барлық адам көшірілді

«Қауіп әлі де бар»: полиция Петропавлдағы жағдай туралы айтты
Фото: Polisia.kz

Қалалық полиция бастығы Петропавлдағы жағдай туралы айтты. Бұл туралы Azattyq Ruhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Петропавлдағы Ойқала ауданының су басқан учаскелерін тәртіп сақшылары қоршауға алды. Тұрғындардың басым бөлігі эвакуацияланды, қазіргі уақытта барлық шұғыл қызметтер су басуы мүмкін үйлердің тұрғындарын шығарып жатыр. Жағдай бақылауға алынды, үрейге жол берілмеді.

Қауіпті аумақты полиция мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілерінен құралған жасақтар патрульдеуде. Олардың міндеті – қоғамдық тәртіпті сақтау, тонаудың алдын алу, қайғылы жағдайлар мен оқыс оқиғаларға жол бермеу.

«Судың келуі азайғанымен, қауіп әлі де бар. Потанин көшесінде Есіл өзеніне жақын маңда судың ағысы қатты. Сондай-ақ қаланың шеткі аудандары – Заречный және Былғары зауыты кенттерін су басты», – дейді жағдайды тәулік бойы бақылап жүрген қалалық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Есіл өзені арнасынан шыққан сайын су басатын Заречный кентіндегі барлық адам көшірілді.

Ал Былғары зауыты кентіндегі 1384 адамның 1340-ы эвакуацияланды. Су баспаған учаскелерде тұратын адамдар үйлерінде қалды. Оларға түсіндіру жүргізіліп жатыр. 14 сәуір күні таңертең тағы 6 адам үйлерінен кетті.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.