14.04.2024, 17:10
Жаңалықтар
ҚР СІМ Иран мен Израиль арасындағы жағдайға алаңдаушылық білдірді
Таяу Шығыста жағдай ушығып тұр
Фото: ҚР СІМ
ҚР Сыртқы істер министрлігі Иран мен Израиль арасындағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Иран мен Израиль арасындағы шиеленістің күрт нашарлауына байланысты терең алаңдаушылық білдіріп, тараптарды барлық келіспеушіліктерді тек саяси-дипломатиялық жолмен шешу үшін ұстамдылық пен кідіріссіз шаралар қабылдауға шақырады.
«Қазақстан өңірдегі жағдайды тұрақтандыруға және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған әлемдік қоғамдастықтың күш-жігеріне өзінің берік қолдауын тағы да атап өтеді», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, осыған дейін Иран Израильге жауап ретінде жүздеген зымыранмен шабуыл жасағаны хабарланған болатын.
Көп оқылған
23.11.2026, 11:01
«Балам үш рет түрмеге түскен, оның 25 млн теңге, өзімнің 4 млн теңге қарызым бар»: Алматыдағы «таксист» әже алғаш рет сұхбат берді
23.11.2026, 13:08
«Көз жасымды ұстай алмадым»: анасын іздеген белгиялық Жәнібек туған шешесінің хатын алған
23.11.2026, 07:36
Астанада жаңбыр мен қар, Алматыда көктайғақ: алдағы үш тәулікте ауа райы құбылмалы болады
23.11.2026, 05:27
Теміртау маңындағы тасжолда жарылған дөңгелек үш жол апатына себеп болды
