$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қосшыда таэквондодан қала әкімінің ашық турнирі өтті

Турнирге 650-ден аса адам қатысты

Қосшыда таэквондодан қала әкімінің ашық турнирі өтті
Фото: Қосшы қаласының әкімдігі

13-14 сәуір күндері Қосшыда қала әкімінің кубогы үшін таэквондо WT-дан ашық турнир өтуде, деп хабарлайды Аzattyq Ruhy.

Іс-шараны өткізуге Қосшы қаласының әкімдігі мұрындық болуда.

Жарысқа еліміздің 9 өңірінен, атап айтқанда Павлодар, Астана, Алматы, Көкшетау, Семей, Щучинск, Степногорск, Екібастұз, Қарағанды қалаларынан келген 6-17 жас аралығындағы 650 спортшы сынға түсті.

Аталған турнир биыл екінші жыл қатарынан өткізіліп жатыр. Шараның негізгі мақсатының бірі – Қосшы қаласындағы дене шынықтыру және спорт саласын дамыту әрі бұқаралық спортты насихаттау.

Осы жылғы қала әкімінің кубогының деңгейі өскен. Былтыр бірінші рет өткізілген кубокқа Астана, Алматы, Семей және Көкшетау қалаларынан 220 қатысушы келсе, биыл басқа қалалардан келген командалар мен қатысушылар саны екі есеге өскен. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, осы жылғы турнирге 450 спортшы қатысады деп жоспарланған. Алайда нақты қатысушылардың саны 650-ге жетті.  

«Қосшы қаласы әкімінің ашық турнирі осымен екінші жыл өткізіліп жатыр.  Биылғы жарысқа 9 қаладан барлығы 650 бала қатысуда. Бір қаладан бірнеше команда бар. Барлығының деңгейі жоғары, бәрі жақсы дайындықпен келген. Кешегі жарыстарда 350 қатысушы өзінің бақтарын сынады, ал қалғаны бүгін жарысқа түсіп, жүлделі болып жатыр. Қазақстанның басқа жерінен келген спортшылардың көпшілігі Қосшы деген қала барын енді біліп жатқанын айтады. Яғни, көптеген адамдар Астана маңында инфрақұрылымы жылдам дамып келе жатқан, спорттық шаралар өткізуге әлеуетті жететін шағын қаланың дамуына таңданыс білдіретінін жасырғым келмейді. Жалпы таеквонда қазіргі жастар арасында аса танымылдыққа ие және ол олимпиадалық спорт түрі. Сондықтан біздің негізгі мақсатымыз осы бағыттағы дарынды жастарды тауып, олардың республикалық және халақаралық жарыстарға шығуына тіпті Олимпада жолдамаларына таласуына жол ашу», - дейді шара ұйымдастырушыларының бірі, таеквондадан спорт шебері Алмас Даньяров.

Алмас Қосшыдағы ашық турнирдің өтуіне әкімдіктен бөлек балалардың ата-аналары көп қолдау көрсететіндігін айтты.

«Баланың дамуына ең бірінші оның ата-анасы жауапты болып жатады. Таэквондомен айналысатын балардың ата-аналары өздері бастама көтеріп, шағын қолдауларын жасайды. Мен балардың ата-аналарына да зор алғыс білдіргім келеді», - дейді жаттықтырушы.

Сондай-ақ ол Қосшыда жыл сайын спортпен шұғылданатын балалар мен жасөспірімдер санының өсіп келе жатқанын тілге тиек етті.

Жарыс қорытындысы бойынша Астана, Алматы, Қарағанды, Семей, Павлодар қалаларынан келген командалар үздік нәтижеге қол жеткізді. Оларға арнайы сыйлықтар мен медальдар табысталды. Жалпы шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Серіктес жаңалықтары