$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодар облысы әкімдігінің қызметкері 133 млн теңге жымқырғаны үшін 9 жылға сотталды

Онымен сыбайлас болған тауар жеткізуші 7,5 жылға сотталды

Павлодар облысы әкімдігінің қызметкері 133 млн теңге жымқырғаны үшін 9 жылға сотталды
Фото: istockphoto.com

Павлодар облысында басқарма басшысының орынбасары сотталды. Сол сияқты тауар жеткізуші де жазасыз қалмады. Бұл туралы Azattyq Ruhy Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, «Қамқор» жедел алдын алу шара аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға жеткізілген өнімдердің құнын негізсіз асыра бағалау фактілері анықталды.

Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары және «Арт-Class» ЖШС атқарушы директорына қатысты бюджет қаражатын ұрлау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Басқарма мемлекеттік сатып алу негізінде «Арт-Class» ЖШС және «Аюм и Д» ЖШС-мен мүгедектерге ноутбук, ұялы телефондарды зағип және саңырау адамдарға арналған бағдармалық қамтамасыз етуге бірқатар шарттар жасағаны анықталды, жалпы сомасы 476 теңден асты.

Бұл арқылы жеткізушіге жалпы сомасы 133 миллион теңгеге жуық екенін мәлімделген техникалық сипаттамаларға сәйкес келмейтін арзан аналогтарды сатып алу түрінде залал келтірілген. Сарапшылардың қорытындысы бойыншы қосалқы техникалық құралдардың сипаттамалары конкурстық құжаттаманың техникалық шарттарында көрсетілген сипаттамаларға сәйкес келмеді», – деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар, жеткізушіге қатысты банктегі шотқа айырбастау жолмен алынған қаражатты заңдастыру және кәсіпкерлік қызметпен айналысып, 25 млн теңгеден астам пайда табу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сот үкімімен жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары кінәлі деп танылып, оған 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайыдалды. Ал тауар жеткізуші кінәлі деп танылып, оған 7,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 

Техниканы жеткізушіден мемлекет пайдасына 133 млн теңгеге жуық сомасында азаматтық талап толығымен қанағаттандырылды.

Серіктес жаңалықтары