13.04.2024, 11:50
Жаңалықтар
Шымкенттен Түркияға бағыт алған жүк көлігі өртеніп кетті
Оқиға Атырау облысында болған
Фото: Атырау облыстық ТЖД
Атырау облысында жүк көлігіндегі 22 тонна мақта түгі қалмай өртеніп кетті. Өңірлік төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, оқиға 12 сәуірде сағат 12:55-те болған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Атыраудан Ресейдегі Астрахан облысына қатынайтын жол бойындағы Тұщықұдық ауылының тұсында жүк көлігінің тіркемесі өртенді. Жүк көлігі Грузияда тіркелген. Көліктің Шымкент қаласынан шығып, Түркияға бағыт алғаны анықталды. Оның тіркемесіне тиелген 22 тонна мақта түгелдей жанып кетті», - хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.
Ведомство мәліметінше, өрт сағат 13:47-де оқшауланған. Ал, сағат 14:20-да толығымен сөндірілді.
Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Көп оқылған
16.10.2026, 10:11
«Бес айлық сәбиді өлтірген»: бір қылмыскерді ұстау үшін Қызылорданың пост-бекеттеріндегі бақылау күшейді
16.10.2026, 16:51
Эксклюзив: топан судың астында қалған Ыстамбұлдағы қазақ студенті соңғы жағдайды баяндап берді
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды