Таиландтан екі чемоданмен есірткі тасыған: Астанада 2006 жылғы қыз бала 16 жылға сотталды

Тағы бір ер адам Таиландтан Астанаға поштамен есірткі жіберген

Таиландтан екі чемоданмен есірткі тасыған: Астанада 2006 жылғы қыз бала 16 жылға сотталды
Фото: istockphoto.com

Астанада есірткі қылмысына қатысты жағаұстатарлық бірнеше оқиға болды. Таиландтан есірткі тасыған екі адам сотталып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, 20 жастағы бойжеткен ақша үшін Таиландтан 4,7 кг каннабис экстракты салынған екі чемоданды жеткізген. Ол сөмкесіндегі есірткіні Қазақстанға тәттілер ретінде алып өтпек болған. Есірткі салынған чемодан Астана әуежайына келген бойда анықталып, тәркіленді. Сот оны 16 жылға түрмеге қамады.

Тағы бір іс бойынша да сот үкімі шықты. Ведомство мәліметінше, 39 жастағы ер адам 2024 жылдың көктемінде Таиландтан Қазақстанға пошта арқылы есірткі жіберген. Ол есірткіні халық тұтынатын қарапайым тауар ретінде жасырған.

Есірткінің осы партиясын алған үш адам бүгінге дейін түрлі жылдарға сотталған еді. Содан бері есірткі жіберген адамға іздеу жарияланып, ұсталғаннан кейін сот алдына жеткізілді. Ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

«Бұл істер бойынша мемлекеттік айыптауды көлік прокуратурасы қолдады. Үкімдер заңды күшіне енген жоқ», – делінген Бас көлік прокуратурасының хабарламасында.