17.04.2020, 00:47
Жаңалықтар
Қарағандыда болған ұшақ апатынан екі адам зардап шекті
Олар қажетті ем алатын болады
Фото: ашық дереккөзден
Қарағанды облысында құлаған МиГ-31 әскери ұшағы апатынан екі сарбаз зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Ұшақ апатынан 2 сарбаз жарақат алды. Олар Хафиз Мақажанов атындағы облыстық травматология және ортопедия орталығына жеткізілді. Зардап шеккендердің бірінің жағдайы қанағаттанарлық, екіншісінің жағдайы орташа ауыр. Олар қажетті ем алатын болады», - деп хабарлайды Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы.
Естеріңізге сала кетсек, бүгін Қарағанды қаласының маңында жауынгерлік кезекшілікті атқаруға дайындық бойынша жоспарлы ұшуларды орындау барысында Қазақстанның Әскери-әуе күштерінің МиГ-31 ұшағы апатқа ұшыраған еді.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
