Қарағанды маңында әскери ұшақ апатқа ұшырады

Ұшақ апатынан қаза тапқандар жоқ

Қарағанды қаласының маңында жауынгерлік кезекшілікті атқаруға дайындық бойынша жоспарлы ұшуларды орындау барысында Қазақстанның Әскери-әуе күштерінің МиГ-31 ұшағы апатқа ұшырады. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«16 сәуір күні Қарағанды қаласының маңында әскери кезекшілікке жоспарлы дайындықты атқару барысында Қазақстанның әуе қорғаныс күштерінің МиГ-31 ұшағы апатқа ұшырады. Оқиға Қарағанды аэродромының оңтүстігінде болды. Ұшақ аспанға көтерілгеннен кейін қозғалтқыштардың бірінен өрт шыққан. Әскери ұшқыштар ұшақты азаматтық тұрғындарға еш қауіп төнбейтініне көз жеткізгеннен кейін елдімекен маңына қондырды. Қаза тапқандар жоқ», - деп жазылған Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Қорғаныс министрінің бұйрығымен авиациялық оқиғаны тексеруге комиссия тағайындалды. Оқиға орнына Әскери-әуе күштерінің іздестіру-құтқару қызметінің жасағы жетті.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.