Каспий жағалауынан өлі итбалықтар табылды

Мемлекеттік инспекторлар мониторинг жұмыстарын жүргізіп жатыр

Каспий жағалауынан өлі итбалықтар табылды
Фото: lada.kz

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Маңғыстау облысының тұрғындары облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аймақтық инспекциясына итбалықтардың қырылып жатқаны туралы хабарлағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. 

«Инспекция қызметкерлері жедел түрде 1, 7 және 15-ықшамаудандардағы Каспий теңізінің жағалауына жетіп, 3 каспий итбалығын тапқан. Қарау барысында су жануарлары шамамен күз кезінде өлгені белгілі болды. Дене қатты бұзылып кеткендіктен сынама алу мүмкін болмады. Теңіз жағалауы мен суда бұдан өзге итбалық ұшасы және мұнай өнімдері мен ластаушы заттар табылмады», - дейді С.Ділдахмет.

Оның айтуынша, облыстық инспекция мемлекеттік инспекторлары мониторинг жұмыстарын жүргізіп жатыр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.