Қазақстан мен РФ экологтары Орал өзенін сауықтыру жөнінде сарапшылық кеңес құрады
Мағзұм Мырзағалиев ресейлік əріптесімен трансшекаралық су нысандары жөніндегі ынтымақтастық мəселесін талқылаған
Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев сəрсенбіде ресейлік əріптесі - РФ Табиғи ресурстар жəне экология министрі Д. Кобылкинмен бейнебайланыс арқылы кеңес өткізді. Бұл туралы М.Мырзағалиев өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, тараптар трансшекаралық су нысандары жөніндегі ынтымақтастық мəселесін талқылаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Орал өзенін сауықтыру жөнінде сарапшылық орган құру туралы шешім қабылдаудың сəті түсті. Бұл ретте ғалымдар өзеннің экожүйесін сауықтыру жəне су арнасын болжамдау жөніндегі екі мəселе бойынша жұмыс істейді. Органның құрамын 20 сəуірге дейін анықтау келісілді», - деп жазды М.Мырзағалиев.
Министрдің деректері бойынша, сондай-ақ Жайық жəне Ертіс өзендерін эко-сауықтыру бағдарламасын, Жайық өзенінің гидрологиялық режімін тексеру мəселесін талқылаудың сəті түскен.
«Бұл жұмыстар ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша жүргізілуде. Атқарылатын істерді қазақстандық-ресейлік салалық комисия шеңберінде жандандыру келісілді. Бұл уағдаластықтар біздің елдеріміздің су шаруашылығындағы ынтымақтастықты жандандырып, трансшекаралық су нысандарының эко-ахуалын жақсартуға арналған», - деп атап өтті Қазақстанның Экология министрі.
Бұдан басқа, тараптар ҚР мен РФ 17- аймақаралық ынтымақтастық форумының шеңберінде қол қою жоспарланып отырған екіжақты құжаттардың жобасын талқылап, оларды келісу процесін жеделдетуге уағдаласты.