$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.04.2020, 20:45
Жаңалықтар

«Жастық челленджін» жалғастырған полицейдің аккаунты бұзылған

Алматы Полиция департаменті фотосуретке қатысты ресми жауап берді

«Жастық челленджін» жалғастырған полицейдің аккаунты бұзылған

Алматы Полиция департаменті фотосуреттің тарап кетуіне жеке аккаунттардың бірінің бұзылуы себеп болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Жастықпен денесін жауып, #pillowchallenge флешмобын жалғастырған қалалық полицияның лауазымды қызметкері Берік Әбілбековтің фотосуреті оның әйелінің жеке мұрағатында болған. Ал департамент бастығының орынбасары әлеуметтік желілерге тіркелмеген», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Оқи отырыңыз: Алматы Полиция департаменті басшысының орынбасары «Жастық челленджін» жалғастырды

Бұған дейін қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек желіде тарап жатқан азаматтың фотосуреті Берік Әбілбековке тиесілі екенін айтқан болатын. Бірақ лауазымды қызметтегі полиция өкілінің отбасылық мақсатта түсірілген фотосуреті қалай желіде тарап кеткенін анықтау үшін қызметтік тексеру басталғанын мәлімдеген. 

«Полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасынының қызметкерлері қызметтік тексерудің жалғастырып жатыр», - дейді С. Әзірбек.

Серіктес жаңалықтары