$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.04.2020, 21:27
Жаңалықтар

Kaspi.kz 42500 теңгені қайтару үшін арнайы сервисті іске қосты

Жәрдемақы бірден қайтарылады. Комиссия алынбайды

Kaspi.kz 42500 теңгені қайтару үшін арнайы сервисті іске қосты
Фото: ашық дереккөзден

Kaspi.kz 42500 теңгені қайтару үшін арнайы сервисті іске қосты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ол үшін Kaspi.kz мобильді қосымшасының «Төлемдер» бөліміне кіру керек. Іздеу бөліміне «қайтару» сөзін енгізіп, «Әлеуметтік көмекті қайтаруды» таңдау қажет. Жалғастыруды басып, 42500 теңгені жіберетін шотты көрсетесіз. Жәрдемақы бірден қайтарылады. Комиссия алынбайды», - деп жазылған хабарламада.

Бөлімшелерге келсек, ШҚО-дағы қалаларда Kaspi бөлімшелері 13 сәуірден бастап сағ. 9:00-ден 21:00-ге дейін демалыссыз жұмыс істейді. Алматы мен Нұр-Сұлтанда жұмыс кестесі бұрынғысынша жұмыс күндері сағ. 9:00-ден 17:00-ге дейін. Басқа қалалардағы бөлімшелер жұмыс күндері сағ. 9:00-ден 18:00-ге дейін ашық болады, демалыс және мереке күндері жабық болады.

Бүкіл еліміздегі Kaspi Терминалдар мен Kaspi Банкоматтар штаттық режимде жұмыс істейді.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Kaspi bank #42 500 теңге