$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.04.2020, 01:29
Жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі 21 млн теңгеге жарияланған тендерді өткізбейтін болды

Тендер аясында әлеуметтік желілерге арналған бес бейнеролик түсіру көзделген

Денсаулық сақтау министрлігі 21 млн теңгеге жарияланған тендерді өткізбейтін болды
Фото: ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік желілерге арналған бес қысқа видео түсіруді көздейтін тендерден бас тартты. Конкурс 21 млн теңгеге бағаланған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Конкурс Мемлекеттік сатып алу порталында Төтенше жағдай кезінде жарияланды. Бұл көпшіліктің наразылығын туғызды. Порталдағы ақпаратқа сенсек, ведомство Қазақстанның денсаулық сақтау саласын реформалау туралы видео түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялайтын жарнама агенттігін іздеген. Талап бойынша, видеоның көрілімі 1 миллионнан асуы тиіс. Конкурсқа 11 компания өтініш берген.

Дегенмен, Денсаулық сақтау министрлігі бұл жоспарынан бас тартты. Ресми себеп - мемлекеттік сатып алуға бөлінген шығынның қысқартылуы.

Айта кету керек, Министрлік жариялаған тағы екі тендер бар. Оның бірі - сауалнама жүргізіп, салауатты өмір салты туралы буклеттер тарату конкурсы 33 млн теңгеге бағаланған. Ал екіншісі - 65,8 млн теңге тұратын салауатты өмір салтын насихаттау тендеріне өтініштер қабылданып жатыр.

Серіктес жаңалықтары