$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Үкімет басшысы Ресей елшілігіне барып, көңіл айту кітабына жазба қалдырды

Мәскеудегі шабуылдан кем дегенде 133 адам қаза болды

Үкімет басшысы Ресей елшілігіне барып, көңіл айту кітабына жазба қалдырды

Олжас Бектенов Астанада Ресей Федерациясының елшілігіне барып, көңіл айту кітабына жазба қалдырды. Бұл туралы Azattyq Ruhy Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов Астана қаласындағы Ресей Федерациясының елшілігіне барып, Мәскеудегі «Крокус Сити холл» ойын-сауық кешенінде жасалған лаңкестік әрекетке байланысты көңіл айту кітабына жазба қалдырды.

Бұған дейін Қазақстан Үкіметінің басшысы Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинге және қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, қолдау білдіретіні туралы телеграмма жолдаған болатын.

Айта кетейік, Мәскеудегі Crocus City Hall концерт залына жасалған шабуылдан 133 адам қаза болып, 140 адам жарақат алды.

Осыған дейін 11 күдікті ұсталғаны, оның ішінде төртеуі шабуылға тікелей қатысы бары хабарланды.

Серіктес жаңалықтары