$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ресейдегі лаңкестік шабуыл: 11 адам ұсталды

Кремльдің мәліметінше, террорлық әрекетке төрт адамның тікелей қатысы бар

Ресейдегі лаңкестік шабуыл: 11 адам ұсталды
Фото: t.me/bazabazon

Ресейдің федералды қауіпсіздік қызметінің директоры Александр Бортников президент Владимир Путинге теракт бойынша 11 адамның ұсталғаны туралы баяндады. Бұл туралы Azattyq Ruhy Кремльдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұсталғандардың қатарында Мәскеуде «Крокус Сити Холлда» шабуылға «тікелей қатысқан» төрт адам бар.

Кремль мәліметінше, Александр Бортников Владимир Путинді теракт жасағандардың сыбайлас базасын анықтау бойынша жұмысы туралы хабардар етті.

Айта кетейік, 22 наурызда Мәскеу маңындағы «Крокус Сити Холлда» болған шабуылдан бастапқыда 40 адам қаза тапқаны хабарланса, артынша олардың саны 60-қа жеткені белгілі болды. Бұл туралы РФ Тергеу комитетінің баспасөз қызметі өзінің Telegram-арнасында мәлім етті.

Мәскеуде болған қанды шабуылды көп ұзамай ИГИЛ содырлар ұйымы өз мойнына алғаны хабарланды.

Серіктес жаңалықтары