23.03.2024, 23:59
Оқиғалар
Мәскеудегі терактіде көз жұмғандар саны 133 адамға жетті
Бұл туралы Ресейдің Тергеу комитеті мәлімдеді
Фото: © Вячеслав Прокофьев/ ТАСС
Мәскеудегі «Крокус Сити холлда» болған шабуылда қаза тапқандар саны 133 адамға дейін жетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТАСС ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл туралы Ресейдің Тергеу комитеті мәлімдеді.
«Крокус Сити холл» концерт залындағы үйінділерді талдау барысында лаңкестік шабуылдан қаза тапқандар саны 133 адамға дейін өсті. Іздеу жұмыстары жалғасуда», - делінген хабарламада.
Бұған дейін Ресейдің Федералды қауіпсіздік қызметі 11 адамды, оның ішінде «Крокус Сити холлда» шабуылға тікелей қатысқан 4 террористті ұстағанын мәлімдеген еді.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді