24.03.2024, 20:44
Оқиғалар
«Алматы-Екатеринбург» тасжолында жол апаты болып, зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсетілді
Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын орташа ауырлық дәрежесі ретінде бағалады
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
«Алматы-Екатеринбург» автожолының 794 шақырымында жеңіл автокөлік аударылып, бес ересек адамға және бір балаға шұғыл көмек көрсетілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жол апаты орнында зардап шеккендерге Қарағанды облысының Медициналық апаттар орталығының «Ақшатау» ТМҚК шұғыл әрекет ету бригадасы шұғыл көмек көрсетті.
«Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын орташа ауырлық дәрежесі ретінде бағалайды. Бір ересек адамға ауруханаға жатқызудың қажеті жоқ, қалған науқастар Шет ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
