Алматыда тау баурайындағы дәмхананың жанында топырақ көшкіні болды
Кафе уақытша жабылды
Алматы қаласындағы тау баурайында орналасқан этно-кафенің жанында топырақ көшкіні болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ-ге сілтеме жасап.
Жауын-шашынның көп түсуіне, қардың еруіне, сондай-ақ жеке мектептің жоғарғы бөлігінен еріген және жаңбыр суларының төгілуіне байланысты топырақтың ылғалдануы нәтижесінде тау баурайының бұрын құлаған жерінде топырақтың сырғуы болды.
«Сырғыма 2022 жылдың 28 наурызында болған сырғыма ошағының сол жағынан құлады. Бұрын бұл жерде құрғақ сай-сала болған, ол мектеп салу үшін жоспарлау жұмыстарын жүргізу кезінде толтырылған. Топырақ сары топырақты саздақтарға жатады. Беткейдің беті геоторлармен нығайтылған, бірақ таудың беткейінде айтарлықтай бекініс болған жоқ», - делінген хабарламада.
Кафе әкімшілігіне уақытша кафені жабу ұсынылды.