$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.04.2020, 13:11
Жаңалықтар

ҚР АШМ «орамжапырақ экспортына тыйым салынды» деген ақпаратты жоққа шығарды

Халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуге ешқандай кедергі жоқ

ҚР АШМ «орамжапырақ экспортына тыйым салынды» деген ақпаратты жоққа шығарды

Бұған дейін мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы «Қазақстан орамжапырақ экспортына тыйым салды» деген ақпарат тараған болатын. Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты биыл наурыз айында Мемлекет басшысы әлеуметтік маңызы бар тауарлардың жетіспеушілігіне жол бермеуді және халықты азық-түліктің жеткілікті көлемімен үздіксіз қамтамасыз ету үшін олардың төмендетілмейтін қорды қамтамасыз етуді тапсырды. Сондықтан, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі кейбір азық-түлік тауарларының экспортын реттеу туралы ереже енгізді. Олардың қатарына орамжапырақ, түсті орамжапырақ, жапырақты орамжапырақ, кольраби және басқа да Brassica тектес осыған ұқсас жеуге жарамды көкөністер кірді», - делінген аталған хабарламада.

Ведомствоның баспасөз қызметі тұрғындарды расталмаған ақпараттарға сенбеуге шақырды.

Серіктес жаңалықтары