$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.04.2020, 21:23
Жаңалықтар

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 808-ге жетті

10 сәуір cағат 20:15-тегі эпидемиологиялық жағдай

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 808-ге жетті

Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырған тағы 6 жағдай тіркелді: Алматы қаласында – 1 адам, Павлодар облысында – 1 адам, Атырау облысында - 2 адам, Қызылорда облысында - 1 адам, Түркістан облысында – 1 адам. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды.

«Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 226 адам, Алматы қаласында – 123 адам, Қарағанды облысында - 61 адам, Ақмола облысында - 61 адам, Атырау облысы - 47 адам, Жамбыл облысында - 45 адам, Шымкент қаласында - 31 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 6 адам, Алматы облысында - 10 адам, Ақтөбе облысында - 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам, Павлодар облысында - 4 адам, Маңғыстау облысында - 9 адам, Қызылорда облысында - 105 адам, Батыс Қазақстан облысында - 6 адам, Түркістан облысында - 35 адам, Қостанай облысында - 3 адам, жалпы 808 науқас тіркелді», — делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары