24.01.2024, 09:27
Жаңалықтар
Моңғолияда ірі жарылыс болып, бес адам қаза тапты
20-дан астам адамның зардап шеккен
Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда 60 тонна газ тиеген жүк көлігі жарылып, кем дегенде 5 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ikon.mn хабарлауынша, соққы толқыны 10 шақырым радиуста сезілген.
Аса ірі жарылыс салдарынан болған өрт жақын маңдағы тұрғын үйлер мен кеңсе ғимаратын, базарды шарпып, арты үлкен өртке ұласқан. Төтенше оқиға орнында алдымен биіктігі ондаған метрге жететін қою қара түтін пайда болып, артынша бірден өрт басталған.
Жергілікті басылымдар 20-дан астам адамның зардап шеккенін хабарлайды.
«Қаза тапқандар арасында жергілікті тұрғындар мен құтқарушылар бар. Жиырмадан астам адам зардап шекті», - делінген хабарламада.
Жарылыстан жиырма шақты көлік өртеніп кеткен.
Көп оқылған
06.09.2026, 06:17
235 келі қару тәркіленді: полиция алматылықтарға қатаң ескерту жасады
06.09.2026, 08:31
Алматыда үш ер адам азық-түлік дүкенінде төбелес шығарды
06.09.2026, 15:56
Қазақстандық танымал travel-блогер Дональд Трамптың ұлына шапан жауып, тымақ кигізді (ВИДЕО)
06.09.2026, 10:01
Еліміздің бірнеше қаласында ауа сапасы күрт нашарлайды