Алматыда тағы екі балдық жер сілкінісі сезілді
Жерасты дүмпуі 24 қаңтарда сағат 02.38-де тіркелген
Алматыда тағы екі балдық жер сілкінісі сезілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының хабарлауынша, жер сілкінісі 24 қаңтарда Алматы уақыты бойынша сағат 02.38-де тіркелген.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 273 шақырым жерде Қытайда орналасқан.
«Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 13,3. Магнитудасы – MPV 5,5. Эпицентрдің координаттары 41,06° солтүстік, 78,51° шығыс. Тереңдігі бес шақырым. Қабылдау мүмкіндігі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): Алматыда екі балл», - делінген хабарламада. дейді.
Кейінірек Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 267 шақырым жерде, Қытайда сағат 05.50-де жерасты дүмпулері қайтадан тіркелгені туралы хабарлама шықты.