$ 544.87  639.02  6.88
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Таразда көктайғақтан бір күнде 250-ге жуық адам жарақат алған

Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 100 адамға артық

Таразда көктайғақтан бір күнде 250-ге жуық адам жарақат алған
Фото: gov.kz

Тараз қаласында көктайғақ салдарынан бір тәулікте 250-ге жуық адам медициналық көмекке жүгінген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 100 адамға артық. Қалалық аурухананың жарақат бөліміне барғандардың дені - көпқабатты үйлердің тұрғындары. Тайып жарақат алғандардың арасында балалар да бар. Облыс орталығында кейінгі кездері ауа-райы күрт құбылып тұр. Күндіз шамалы еріген қар, кешкісін қайтадан қатады. Сондықтан, жаяу жүргіншілер арасында жазатайым жағдай жиілеген.

«246 адам түсті, оның ішінде 7 адам травмотология бөліміне жатқызылды. Түскен азаматтардың жастары 30-дан 70 жасқа дейін. Оның ішінде аяқ, қол, қабырғалардың сынуы бойынша қаралып кеткен», - деді Тараз қалалық көпбейінді ауруханасы жарақат бөлімінің дәрігері Дилшод Салиев.

Серіктес жаңалықтары