ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 1062 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды

Нұр-Сұлтанда қар аралас жаңбыр жауып, дауыл соғады

Төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» нөміріне қоңырау шалған жөн

Қазгидрометтің хабарлауынша, 8 сәуірде ауа райы күрт нашарлауы мүмкін: дауылды ескерту жарияланып, желдің екпіні 22 м/с дейін жетеді, қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ күтілуде.

8 сәуір күні көшпелі бұлт шығып, жаңбыр мен қар жауады, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, екпіні 17-22 м / с. Температура күндіз +2+4°С және түнде -2-4°С. Дауылды ескертудің болу ықтималдығы 85-90 %.

9 сәуірде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с. Температура күндіз +3+5° және түнде -3-5°С.

10 сәуірде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с. Температура күндіз +6+8°С және түнде -1-3°С.

«Тұрғындарға ауа-райының өзгеруі туралы ақпаратты мұқият қадағалап отыруға, көшеде бағандардан, ағаштардан, жарнама тақталарынан, электр желілері және сымдардан алыс жүруге, автокөлікті ескі ғимараттар мен ағаштардың қасына қоймауға кеңес береді. Төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» нөміріне қоңырау шалыңыз»,  - деп ескерту жасады Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті.

Сұхбат
1 шілдеде Қазақстанда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Жас отбасы» жаңа бағдарламасы іске қосылды
Филология ғылымдарының кандидаты Ербол Тілешовпен латын әліпбиіне қатысты сұхбат
Имамның айтуынша, құрбандыққа шалынған мал етін алуға өтініш бергендер саны басымырақ