Қытай Қазақстанға көмекке медицина қызметкерлерін жібереді
Олар арнайы бортпен 9 сәуірде Нұр-Сұлтанға келіп қонады
Қытай Қазақстанға COVID-19 күресу үшін қазақстандық дәрігерлерді қолдауға медицина қызметкерлерін жіберіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
Бұл бастаманы Қазақстан тарапы осы жылдың 24 наурызында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасының (ҚХР) Төрағасы Си Цзиньпинмен COVID-19 жаңа коронавирус инфекциясына қарсы күресте ҚХР-ның Қазақстанға жан-жақты қолдау көрсетуі туралы телефон арқылы сөйлесу барысында қол жеткізілген уағдаластықты жүзеге асыру мақсатында ұсынды.
Делегациямен бірге ҚХР-дан гуманитарлық көмектің екінші бөлігінің келуі күтілуде.
«Қытай тарапынан 13 сарапшы келуі күтілуде. Оларға арнайы борт жасақталып 9 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласына келіп қонады», - делінген министрліктің таратқан ақпаратында.