$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.04.2020, 21:35
Жаңалықтар

Қызылорда облысында жүріс-тұрысты шектеу үшін бақылау бекеттері қойылады

Мұндай шаралар барлық аудан орталықтарында қабылданатын болады

Қызылорда облысында жүріс-тұрысты шектеу үшін бақылау бекеттері қойылады

Қызылорда облысында қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында полиция бақылау бекеттері қойылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы Бас санитарлық дәрігерінің 7 сәуірдегі №7 қаулысына сәйкес, облыс тұрғындары арасында қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында сәуірдің 07-нен 08-не қараған түні сағат 00:00-де Қызылорда қаласы ішінде тұрғындар мен көлік қозғалысын шектеу үшін 4 жерге патрульдік полиция бақылау бекеттері қойылады.

Яғни, «Солтүстік темір жол» көпіріне (Гагарин мөлтек ауданы жақта) 3 патрульдік бекет,  «Коммунизм» тесік көпіріне 2 патрульдік бекет, «Аспалы көпіріне» 4 патрульдік бекет, «Тасбөгет кентінде» 2 патрульдік бекет орналастырылып жатыр.

«Мұндай шаралар барлық аудан орталықтарында да қабылданатын болады. Қаулыға сәйкес, төтенше жағдайға байланысты карантин кезінде, ұжымдық, жанұялық, барлық жиындарға, көрші, туған-туыстарға баруға тыйым салынады. Облыстың барлық тұрғындарының кешкі сағат 21:00-ден таңғы сағат 06:00-ға дейін жүруіне жол берілмейді. Ал сағат 06:00-ден 21:00-ге дейінгі аралықта тек жақын радиустағы дәріханалар мен азық-түлік орындарына (белгіленген  уақытта) 1 адамнан артық жүруге жол берілмейді. Сондай-ақ, 55 жастан асқан азаматтарға көшеге шығуға тыйым салынады. Төтенше жағдай талаптарын орындамаған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз», -  делінген ақпаратта.
 

Серіктес жаңалықтары