Франция президенті Эмманюэль Макрон Қазақстанға ресми сапармен келді

Azattyq Rýhy

Бұл туралы Үкімет басшысының баспасөз қызметі хабарлады

Франция президенті Эмманюэль Макрон Қазақстанға ресми сапармен келді
Фото: primeminister.kz

Франция президенті Эмманюэль Макрон Қазақстанға ресми сапармен келді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы Үкімет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Мәртебелі мейманды елорда әуежайында ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов қарсы алды.

«Қысқаша әңгіме барысында Үкімет басшысы Эмманюэль Макронның бұл сапары Астана мен Париж арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытуға жаңа серпін беретініне сенім білдірді», - делінегн хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, екі елдің көшбасшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макрон сауда-экономикалық, инвестициялық және энергетикалық ынтымақтастықты нығайту бойынша келіссөздер жүргізіп, халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайды

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.