$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Белсенді болу әрі жарқын әсер алу: Алматыда зейнеткерлерге арналған экскурсиялар басталды

Экскурсиялар тек қалада ғана емес, сонымен қатар Алматы облысында орналасқан нысандар бойынша да өткізіледі

Белсенді болу әрі жарқын әсер алу: Алматыда зейнеткерлерге арналған экскурсиялар басталды

Алматыда 26 қазаннан 8 қарашаға дейін зейнеткерлер үшін Алматы қаласы мен Алматы облысында орналасқан нысандар бойынша экскурсиялар өткізіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

Іс-шараларды Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Алматы қаласының туризм басқармасымен бірлесіп «Белсенді ұзақ өмір» жол картасы аясында іске асырады.

Олардың мақсаты-егде жастағы адамдарды белсенді өмірге тарту, олардың әлеуетін ашу, өмір сүру сапасын жақсарту, ғұмырларының ұзақ болуына ықпал ет,әлеуметтік және психологиялық жағдайларын жақсарту.

«Бұл іс-шаралардың аға буын өкілдеріне қолдау көрсетуде маңызы зор. Игі шаралардың арқасында егде жандар өзара араласады, тәжірибе алмасады, әңгіме- дүкен құрады. Олардың белсенділігін арттырып, қоғамның маңызды мүшелері болуларына ықпал етеді», - деп атап өтті Алматы қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов.

26 қазанда Шарын каньоны бойынша тур өтті-экскурсияға 100 адам шығарылды. Саябақ қызметкерлері оларға ең әдемі жерлерді көрсетті, сонымен қатар каньон тарихын егжей-тегжейлі айтып берді.

Қатысушыларға экскурсия өте ұнады. Олар каньонның көрнекті жерлерінің біріне - құлыптар алқабына барды, ол белгісіз алыптар жасағандай мұнараға ұқсайтын жартас шөгінділері. 

Айта кетерлігі, кез-келген жастағы туристер үшін ұлттық саябақтың аумағында жағымды демалыс үшін барлық жағдайлар жасалған. Ұзақ серуендеуден кейін тур қатысушыларын дәмді түскі ас күтіп тұрды. 

Зейнеткер Бақыт Омарованың айтуынша, каньонға экскурсия ол үшін елеулі оқиға болды және ол басқа экскурсияларға қуана қатысады. 

«Әдемі көріністен ләззат алу, жағымды эмоциялар алу, қарым — қатынас жасау - бұл шынымен де үлкен рахат және ең жағымды әсер қалдырады. Ұйымдастырушыларға осы тамаша мүмкіндік үшін алғыс айтамын», - деді ол.

«Бақыттың өзі жақсы демалудан да құралады», - деп толықтырды зейнеткер Раиса Мамбетова. Ол ұйымдастырушыларға шын жүректен алғысын білдірді. 

Алдағы күндері Есік көлі мен Алматы қаласы бойынша турлар жоспарланған, онда зейнеткерлер жақсы демалып, барлық көрікті жерлермен таныса алады. Алматы қаласының тарих мұражайына, Вознесен кафедралды соборына, Ықылас атындағы музыкалық аспаптар мұражайына, «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортына және қаланың басқа да маңызды орындарына бару күтілуде.

Серіктес жаңалықтары