$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

523 млн теңге құйған: үш облыстың тұрғындары қаржы пирамидасына алданып қалды

Күдіктіге қатысты іс аяқталып, сотқа жіберілді

523 млн теңге құйған: үш облыстың тұрғындары қаржы пирамидасына алданып қалды
Фото ашық дереккөзден

Қаржы мониторингі агентітігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Атырау облыстары бойынша «Chia Tai Tianging Pharmaceutical» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастырды деген күдіктіге қатысты істі аяқтап, сотқа жіберді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ведомство мәлімеоінше, күдіктілер өздерін инвестициялық компания ретінде көрсетіп, жоғары және тұрақты кірісті уәде еткен.

«Бұл ретте, «Chia Tai Tianging Pharmaceutical» жеке тұлғалардың ақшасын тартып, кәсіпкерлік қызметке пайдаланбай, оларды қатысушылар арасында қайта бөлген. Жалпы тартылған салымшылардың саны 425 адам, 523 млн теңге сомасына, оның ішінде 490 млн теңгеге жуық сомаға 411 азамат жәбірленуші деп танылды», - деоінген хабарламада.

ҚМА өкілдері азаматтарды қырағы болуға және өз жинақтарын күмәнді қаржы ұйымдарына салмауға шақырады.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Серіктес жаңалықтары