Ирак билігі Швеция елшісін Құранды өртеу акциясына байланысты кері қайтару туралы шешім қабылдады
Швецияда Құранды өртеу акциясы биыл екі рет ұйымдастырылды
Швеция мен Ирак арасындағы қарым-қатынастағы дипломатиялық дағдарыс күшейе түсуде. Бағдад Швеция елшісін кері жіберді. Шешімді елдің премьер-министрі жеке өзі қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Euronews-ке сілтеме жасап.
Бұған дейін Стокгольмдегі Ирак дипломатиялық өкілдігінің ғимаратында Құранды өртеу акциясы жоспарланған болатын. Ирактан келген босқын мұны жасамақ болды. Нәтижесінде ол қасиетті кітапты өртемеді, бірақ оны таптап, зақымдады.
Жергілікті полиция босқынның ойын іске асыруға өз рұқсатын берді.
Бұған жауап ретінде Ирак билігі Скандинавия елімен дипломатиялық қатынастарды үземіз деп қорқытты. Олар сондай-ақ шведтік Ericsson компаниясын лицензиядан айырды.
Реніштерін білдіру үшін ирактықтар Бағдад көшелеріне наразылық білдіру үшін шықты. Тәртіпсіздіктер басталды. Түнде демонстранттар Швеция елшілігінің ғимаратына шабуыл жасап, оны өртеп жіберді. Қызметкерлердің ешқайсысы зардап шеккен жоқ. 20 манифестант ұсталды.
Швецияда Құранды өртеу акциясы биыл екі рет ұйымдастырылды, бұл мұсылман қауымының ашуын туғызды.