$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Құранды қорлауға жауап: Иракта шерушілер Швеция елшілігінің ғимаратын өртеді

Елшілік қызметкерлерінің ешқайсысы зардап шеккен жоқ

Құранды қорлауға жауап: Иракта шерушілер Швеция елшілігінің ғимаратын өртеді
Фото: Ahmed Saad / Reuters

Жақында Стокгольм билігінің келісімімен жасалған Құранды өртеу оқиғасына наразылық білдірушілер Бағдадтағы Швеция елшілігіне басып кірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, наразылыққа қатысқандар ғимаратқа өрт қойған.

Дереккөздің хабарлауынша, елшілік қызметкерлерінің ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

Айта кетерлігі, бұған дейін Швеция полициясы Стокгольмдегі Ирак елшілігінің жанында Құранды өртеп шеру өткізуге рұқсат берген болатын.

Шерушілер Құран мен Ирактың туын өртеуге ниетті екенін ашық айтқан. Бейсенбіге жоспарланған акцияға маусым айының соңында Стокгольмде Құранды көпшілік алдында өртеген екі адам да қатыспақ.

Тақырыпқа орай: БҰҰ Құран мен өзге қасиетті кітаптарды өртеу әрекетін айыптайтын қарар қабылдады

Полиция «тек бұқаралық іс-шара өткізу үшін ғана рұқсат беретінін, бірақ іс-шара барысындағы оғаш әрекеттерге рұқсат етілмейтінін» ерекше атап өтті.

Еске салсақ, Стокгольмде Құрбан айтты тойлау кезінде Құран өртеуге қатысты акция әлемнің көптеген елінде наразылық туғызған болатын.

Серіктес жаңалықтары