20.07.2023, 10:21
Жаңалықтар
Ақмола облысында 40-тан астам шетел азаматы заңсыз жұмыс істеген
Олардың бәрі әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Ақмола облысында 40-тан астам шетел азаматы еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«18 маусымда «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында заңды рұқсатсыз Өзбекстанның 43 азаматына жұмыс берген Қазақстан Республикасының азаматын анықтады», - делінген полиция ақпаратында.
Шетел азаматтары ҚР ӘҚБтК 517-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Уәкілетті органның рұқсатынсыз шетелдік жұмыс күшін пайдаланғаны үшін жұмыс берушіге қатысты ҚР ӘҚБТтК 519-бабы бойынша хаттама толтырылды», - делінген ІІМ ақпаратында.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді