21.07.2023, 09:02
Жаңалықтар
Үндістанда лай көшкінінен кем дегенде 10 адам қаза болды
100-ден астам адам үйінді астында қалуы мүмкін
Үндістанның Махараштра штатындағы лай көшкінінен кейін кем дегенде 10 адам қаза тапты, 100-ден астам адам үйінді астында қалуы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы NDTV арнасы мәлім етті.
Бұған дейін 5 адам қаза тауып, 30-дан астам адам із-түзсіз жоғалып кеткені хабарланған болатын.
Оқиға бейсенбі күні Раигад ауданындағы Ирсалвади ауылында болған. Нөсер жаңбыр салдарынан тау бөктеріндегі топырақ сырғып, төменде орналасқан үйлерді басып қалған.
Арнаның хабарлауынша, лай көшкіні 30 шақты үйді басып қалған. Әзірге 75 адам құтқарылды.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады
07.10.2026, 18:00
Ақтауда балықтан уланған тоғыз жасар бала 20 күннен кейін көз жұмды