07.04.2023, 08:36
Жаңалықтар
Доллар аздап қымбаттады: 7 сәуірдегі валюта бағамы қандай
Ұлттық банк жұмаға арналған валюта бағамын жариялады
Фото: marionetki.net
Қазақстанның Ұлттық банкі 7 сәуірге арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бүгін, яғни жұмада доллар бағамы 0,35 теңгеге көтеріліп, 447,31 теңге болып бекітілді.
Айта кетейік, өткен тәулікте америкалық валюта бағамы 446,79 теңге болған еді.
Ресей рублінің ресми бағамы 5,54 теңге болды.
Қазақстандық қор биржасының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 446 теңгеден сатып алынып, 450 теңгеден сатылып жатыр. Астананың ақша айырбастау орындарында да орташа есеппен 444 теңгеден сатып алынып, 448 теңгеден сатылып жатыр.
Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша:
- USD / KZT – 447,31 (АҚШ доллары)
- EUR / KZT – 487,84 (еуро)
- RUB / KZT – 5,54 (ресейлік рубль)
- TRY / KZT – 23,22 (түрік лирасы)
- CNY / KZT – 65,05 (қытай юані)
- KGS / KZT – 5,12 (қырғыз сомы)
- UZS / KZT – 3,94 (өзбек сомы).
Көп оқылған
15.09.2026, 12:44
Астанада тікелей эфирде лас сөздер айтып, күлдіргіш газ қолданған әйел адамға қандай жаза қолданылды
15.09.2026, 20:45
Ерке Есмахан жүктілігіне қатысты сыбысқа жауап берді
15.09.2026, 11:49
Күйеуі ата-анасын, бауырларын қырып салған: жындыханадан шыққан Ақбаян Мұқанғалиева балаларымен қауышты (ВИДЕО)
15.09.2026, 08:55
Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы: солтүстікте – жаңбыр, оңтүстікте – 33 градус ыстық