$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елімізде жанармайдың көтерме саудасына шекті баға белгіленуі мүмкін

Қазір АИ-92 маркалы бензиннің көтерме бағасы литріне 146 теңгеден келеді

Елімізде жанармайдың көтерме саудасына шекті баға белгіленуі мүмкін
Фото ашық дереккөзден

Энергетика министрлігі жанармай өнімдерінің көтерме саудасына шекті бағаны белгілеуі мүмкін. Осылайша отынды бекеттерге қолайлы бағамен жеткізуге мүмкіндік туады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Құжат қоғамдық талқылауға шығарылды. Қазір АИ-92 маркалы бензиннің көтерме бағасы литріне 146 теңгеден келеді. Ал оның жүргізушілерге қанша теңгеге сатылатынын тасымалдаушылар анықтайды. Алайда елімізде жанар-жағармайдың бөлшек сауда құнына да шектеулер бар екенін ескеру керек. Жауаптылар жоба нарықтағы бағаға әсер етуді көздемейтінін айтады. Сарапшылар да мұнай өнімдерінің бағасын реттеу туралы шешімді дұрыс деп санайды.

 «Бағаны реттеу бір жағынан дұрыс емес, бірақ егер бөлшек сауда реттелсе, онда көтерме баға да реттелуі керек. Көтерме баға мен бөлшек сауда арасындағы айырмашылық тартымды болуы керек. Біз әрқашан көтерме баға мен бөлшек сауданың арасында 24% айырмашылық болуы керек деп айтып келеміз. Өйткені операциялық шығындар, логистика, сақтау сынды шығындарды есептеу керек», - дейді «Қазақстанның жанармай қауымдастығы» басқарма төрағасы Болат Әуетаев.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#жанармай #баға