01.04.2023, 13:42
Жаңалықтар
Жетісу облысында жылу қазандығы жарылып, бір жұмысшы қаза тапты
Жарылыстың себебі анықталып жатыр
Көксу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жетісу облысының Көксу ауданында жылу қазандығы жарылып, бір жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Көксу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«2023 жылы 1 сәуірде сағат 08:52 уақытында Көксу ауданының Қазақстан ауылында жалпы ауданы 22 шаршы метрді құрайтын қазандық жарылып, жазатайым оқиға орын алды. Бір жұмысшы қаза тапты. Қазіргі уақытта қауіп жоқ. Жарылыстың себебі анықталуда», - делінген әкімдік хабарламасында.
Сондай-ақ марқұм жұмысшының 53 жаста екені, артында бес баласы қалғаны туралы да айтылады.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: Оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді