Халық саяси белсенді болуы керек – Нұрбек Мәтжани

Аягөз Құрмаш

Ол партиялардың саяси өмірге араласуына жақсы мүмкіндік берілгенін айтты

Халық саяси белсенді болуы керек – Нұрбек Мәтжани

«Қазақстан қоғамдық даму институтының» басқарма төрағасы Нұрбек Мәтжани Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысты пікір айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Жақында бірнеше дебаттық пікірсайысты, әлеуметтік желі мен телеарналарда кандидаттардың, партиялардың бағдарламаларын ұсынғанын көрдік. Халық саяси белсенді болуы керек. Партиялардың, бір мандатты округтардан түсіп жатқан депутаттардың өмірбаянын жіті бақылап, бағдарламаларын тыңғылықты тексеріп, оның айналасындағы адамдардың өмірін қаншалықты өзгерте алатынына көз жеткізіп барып, дауыс беруі керек. Алдыңғы шақырылымда депутат болса, ол кезде қандай уәде берді, қаншалықты сол уәдені орындағаны маңызды», - деді ол.

Ол атағандай, партиялардың Мәжіліске кіруін жеңілдету бойынша реформалар жасалды.

«Оның нәтижесінде жаңа партиялар тіркелді. Болашақта тағы тіркеле бермек. Сондықтан елдегі партиялардың саяси өмірге белсенді араласуын жақсы мүмкіндік деп қарастыру керек. Дәл қазіргі жағдайда 5 пайыз жақсы көрсеткішті көріп отырмыз. Болашақта оның төмендеуі немесе жоғарылауы елдегі саяси жағдайға байланысты болады», - деді Нұрбек Мәтжани.

Айта кетейік, 19 наурызда, яғни бүгін қазақстандықтар Парламент Мәжілісінің жаңа депутаттарын және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлайды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.