Бүлінген бюллетеньді бір рет қана ауыстыруға болады – Алматы қаласы АСК

Ондай бюллетень қолданылмаған бюллетеньдермен бірге жойылады

Бүлінген бюллетеньді бір рет қана ауыстыруға болады – Алматы қаласы АСК

Бүлінген бюллетеньді бір рет қана ауыстыруға болады. Бұл туралы сайлау бойынша жалпықалалық баспасөз орталығының алаңында Алматы қаласы Аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Айгүл Қалықова айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Егер сайлаушы қате жіберіп, ол бюллетеннен сызылған кандидатты белгілесе және бюллетеньді жәшікке салмай тұрып қателескенін анықтаса, оның учаскелік комиссияға жүгініп, осы бюллетеньді өзгертуді сұрап, қайта дауыс беруге болатын басқасын алу мүмкіндігі бар», - деп жауап берді Айгүл Қалықова.

Сонымен бірге ол, бүлініп  алған бюллетень жарамсыз деп саналатынын атап өтті. Дауыс беруден кейін мұндай бюллетеньдер қолданылмаған бюллетеньдермен бірге жойылады.

Соған  қарамастан, жарамсыз бюллетень орнына жаңасы дауыс берушіге бір рет қана беріледі.

Тақырыпқа орай: Алматыда сайлау учаскесінде алғашқы дауыс берушілерге сыйлықтар берілді

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда 602 сайлау учаскесі бар. 1,2 млн алматылық дауыс беру құқығын пайдалана алады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.