Сайлау кабинасында бюллетеньмен селфи жасаған адам жауапкершілікке тартыла ма?
Алматыда қазір барлығы 602 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр
Алматының АСК төрайымы Айгүл Қалықова бюллетеньмен селфи жасаған азаматтардың қандай жауапкершілікке тартылатынын түсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Төрайымның сөзінше, мұндай жайттар прокуратурамен бірлесе қаралады. Егер дауыс беруші фотоны әлеуметтік желіге жүктемесе ол оның өз құқығы. Ал көпшілікке тартаса, онда оның әрекеті үгіт-насихат болып есептелетінін айтты.
«Егер бюллетеньмен түскен селфи әлеуметтік желіде жарияланса әр жағдай жеке-жеке қаралады. Егер сайлау парағында құсбелгі (галочка) көрініп тұрса онда бұл сайлау күніндегі үгіт-насихатқа теңестірілуі мүмкін. Мұны сайлау комиссиясының өзі емес, прокуратураны тарта отырып, онда бұзушылықтар бар ма, жоқ па, соны қарастыратын болады», - деп түсіндірді Алматы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы.
Алматыда қазір барлығы 602 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Сайлау учаскелерінің біреуі ол жерде дауыс берушілер болмағаннан кейін, жұмысын тоқтатқан. Ол ҚР ҰҚК Шекара қызметінің әскери бөлімі.
Айгүл Қалықова кандидаттардың сенімді өкілдерінің кейбір дауыс беру учаскелеріне телефонмен кіру мәселесіне де тоқталды.
«Бізде азаматтардың уақытша тұруына арналған бірнеше учаске бар, олар әскери бөлімдер, санаторийлер және т.б. Ол жерлердің өз ережелері бар, оған сәйкес, телефонмен кіруге рұқсат бермейді, сол себепті байқаушылар мен сенім білдірілген тұлғаларға сайлау учаскелеріне барғанда телефондарын қалдыру сұралды», - деді Алматының АСК төрайымы Айгүл Қалықова.