$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ташкент, Ашхабад, Душанбе: әлемнің тағы 9 елінде сайлау учаскесі ашылды

Шетелдегі ҚР азаматтары елшіліктегі сайлау учаскесінде дауыс бере алады

Ташкент, Ашхабад, Душанбе: әлемнің тағы 9 елінде сайлау учаскесі ашылды
Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі әр елдегі елшілік жанынан жұмысын бастап жатқан сайлау учаскелері туралы соңғы ақпаратты таратты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Осы сағатқа келіп түскен мәліметке сүйенсек, тағы тоғыз елдегі ҚР елшілігінде ашылған сайлау учаскелері жұмысын бастады. Осылайша, Өзбекстан, Түркіменстан, Пәкістан, Тәжікстан, Біріккен Араб Әмірліктері, Оман, Армения, Әзербайжан және Грузия елдеріндегі ҚР азаматтары елшіліктегі сайлау учаскелеріне келіп, дауыс бере алады.

«Сондай-ақ Таяу Шығыста Абу-Даби, Дубай, Маскаттағы сайлау учаскелері жұмысын бастады»,- деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін хабарлағынымыздай, Бейжің, Шанхай, Гонконг, Сингапур, Куала-Лумпур, Ұлан-Батыр қалаларында да учаскелер жұмысын бастады.

Айта кетейік, Сеулде сайлауда алғаш дауыс берген Елнұр Асанов туралы да хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары