$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Еліміздің болашағы шешілетін күн»: 112 жастағы қарт ана сайлауда өз дауысын берді

Алтынхан Белдеубай‌қызы ешқашан сайлаудан тысқары қалған емес 

«Еліміздің болашағы шешілетін күн»: 112 жастағы қарт ана сайлауда өз дауысын берді

Жетісу облысының Сарқан ауданында 112 жастағы Алтынхан Белдеубай‌қызы сайлаудан тысқары қалмай, өз даусын берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ауданның кейуанасы Алтынхан апа ақ бастасын беріп, сайлаудың келешегіміз үшін маңызды екендігін айтып, елдің, жердің тыныштығын тіледі.

«Осындай бейбіт күнді халқымыз көп аңсады. Сол ортақ тәуелсіздікті бағалауымыз керек. Менің жасым жүзден асып кетсе де, ешқашан сай‌лаудан тыс қалған емеспін, сай‌лауға әр азаматтың баруы міндетті. Сай‌лауда еліміздің болашағы шешілетін күн, оған бей‌-жай‌ қарамаған жөн. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Әр отбасына береке-бірлік тілей‌мін!», - деді қарт ана.

Ай‌та кетейік, бүгін елімізде Мәжіліс пен мәслихат депуттарын сайлау өтіп жатыр. Сарқан ауданы бойынша 26 мыңнан астам сайлаушылар өз дауысын бермек.

 

Серіктес жаңалықтары