$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Сеулде сайлауда дауыс берген алғашқы қазақстандықтың кім екені белгілі болды

Ол бұл сайлау экономикалық дамудың жаңа мүмкіндіктерін ашатынына сенеді

Сеулде сайлауда дауыс берген алғашқы қазақстандықтың кім екені белгілі болды
PressMFAKZ

Қазақстан Республикасының Корея Республикасы мен Жапониядағы азаматтары ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс беру құқығын алғашқылардың бірі болып пайдаланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Сыртқы істер министрлігінің Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Сеул қаласында сайлауда дауыс берген алғашқы ҚР азаматы курсант Асанов Ельнур болды.

«Мен бұл сайлау еліміз үшін экономикалық дамудың жаңа мүмкіндіктерін ашады деп күтемін. Трансформация біздің мемлекетіміз үшін қажет, ол елдің дұрыс бағытта дамуына қуатты серпін береді деп сенемін. Мен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде азаматтық борышымды орындап, өз үлесімді қосқым келеді! Елімізге нығайып, өркендеу тілеймін!» - деді Е.Асанов.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#сайлау #Сеул