Оңтүстік Корея мен Жапонияда сайлау учаскелері ең бірінші болып ашылды
Шетелдегі барлық сайлау учаскелері Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерінің аумақтарында ұйымдастырылған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында алғашқы болып дауыс беру мүмкіндігін Оңтүстік Корея мен Жапониядағы қазақстандықтар алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР СІМ Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі дәстүрлі түрде шетелдегі сайлау учаскелерінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауының дауыс беру барысын жария ету жұмысын бастады.
«Шетелдегі барлық сайлау учаскелері Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерінің аумақтарында ұйымдастырылған. Ең бірінші болып қазақстандықтар Корея мен Жапонияда дауыс беруге мүмкіндігі бар. Сеулде #258 және Токиода #261 сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-де дауыс беру үшін бірінші болып ашылды», - делінген хабарламада.